Құжаттар тізімі

 
 БАКАЛАВРИАТ

1.ЖОО басшысының атына өтініш (қабылдау комиссиясынан беріледі);

2. Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжат қосымшаларымен (түпнұсқа) (шетел азаматтары үшін - білімі туралы құжаттың нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы)

3. Жеке басын куәландыратын құжат (талапкердің/ заңды өкілдерінің сенімді өкілінің (сенімхатпен));

4.  Туу туралы куәлік (18 жасқа толмаған талапкерлер үшін);

5. ҰБТ сертификаты;

6. Ведомостан үзінді (арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін);

7. Білім беру грантын тағайындау туралы куәлік (https://grant.testcenter.kz/search);

8. Ақылы негізде оқуға түсетін талапкерлер үшін оқу ақысы туралы түбіртек көшірмесі;

9. Басым құқық/ квота/ жеңілдікті растайтын құжаттардың көшірмесі;

10. 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама (түпнұсқа), флюорография (көшірмесі);

11. 063 егілу құжаты (көшірмесі);

12. 1 дана скоросшиватель; 3 дана файл

 

*Барлық құжаттың сканерленген (PDF) нұсқасы

 МАГИСТРАТУРА
 
 ДОКТОРАНТУРА

Докторантураға өтінімдерді қабылдау ЖОО қабылдау комиссиясы және Ұлттық тестілеу орталығының (әрі қарай – ҰТО) ақпараттық жүйесі (app.testcenter.kz)  арқылы 2025 жылдың 3 шілдесі мен 3 тамызына дейін жүргізіледі.

Білім беру бағдарламаларының (әрі қарай – БББ) топтары бойынша докторантураға түсу емтихандары 2025 жылғы 15-20 тамыз аралығында компьютерлік форматта өткізіледі.

Докторантураға түсу емтихандарының уақыты - 3 сағат 10 минут.

- TOEFL ІTP (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnstіtutіonal Testіng Programm) сертификаты бар тұлғалар  ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеу тапсырады.

Қабылдау 2025 жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі.

Докторантураға «магистр» дәрежесі және кемінде 9 (тоғыз) ай жұмыс өтілі бар немесе медициналық мамандықтар бойынша резидентурада оқуын аяқтаған тұлғалар қабылданады.

Докторантураға түсуші тұлғалар келесідей құжаттар топтамасын тапсырады

1. ЖОО басшысының атына еркін нысандағы өтініш;

2. білім туралы құжат (түпнұсқа, қосымшасымен, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);

3. жеке басын куәландыратын құжаттың көшіресі;

4. ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы ресми сертификат (ҚАЗТЕСТ);

5. шет тілін (ағылшын, неміс, француз) меңгергенін растайтын электрондық сертификат: 

  • IELTS, шекті балл-кемінде 5,0;
  • TOEFL ITP шекті балл-кемінде 417 балл;
  • TOEFL IBT шекті балл-кемінде 35;
  • TOEIC шекті балл-кемінде 550;
  • Duolingo English Test шекті балл-кемінде 80;
  • DSH - кемінде В1 деңгейі;
  • TestDaF-Prufung  - кемінде В1 деңгейі;
  • TFI - (оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес);
  • DELF – кемінде B1 деңгейі;
  • DELF  - кемінде В1 деңгейі;
  • TCF - кемінде В1 деңгейі.

6. № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген электрондық форматта 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама).

7. 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;

8. шетелдік азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат;

9. соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдардың тізімі (бар болған жағдайда),  зерттеу жүргізу жоспары (міндетті);

ЕСКЕРТУ:

- Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған кезде қабылдау комиссиясы оқуға түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

- TOEFL ІTP (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnstіtutіonal Testіng Programm) сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсырады. 

 

Докторантураға түсу емтиханын бағалау:

- әңгімелесу – 30 балл;

-  эссе - 20 балл;

-  білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтихан – 50 балл.

 

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша докторантураға түсу үшін өту балы – 75 балл, ақылы негізде докторантураға түсу үшін өту балы – 75 балл.

 

 

 

МЕКЕНЖАЙ: 071400, ҚР, Абай облысы, СЕМЕЙ Қ., Қашаған к. 1
E-MAIL: talapker@shakarim.kz, Call-center: 8 771 365 46 25

 

Абитуриенттерге