ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
Докторантураға «магистр» дәрежесі және кемінде 9 (тоғыз) ай жұмыс өтілі бар немесе медициналық мамандықтар бойынша резидентурада оқуын аяқтаған тұлғалар қабылданады.
-
ЖОО басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
-
Білім туралы құжат (түпнұсқа, қосымшасымен, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
-
Жеке басын куәландыратын құжаттың көшіресі;
-
ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы ресми сертификат (ҚАЗТЕСТ);
-
Шет тілін (ағылшын, неміс, француз) меңгергенін растайтын сертификат:
-
№ ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген электрондық форматта 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама).
-
3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
-
Шетелдік азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат;
-
Соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдардың тізімі (бар болған жағдайда), зерттеу жүргізу жоспары (міндетті);
-
1 тезтікпе (скорошиватель), 3 файл;
-
ЭЦҚ кілті.
ЕСКЕРТУ
Осы тармақтың 3), 4), 5) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттар көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
!!!!Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған кезде қабылдау комиссиясы оқуға түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.
СЕРТИФИКАТ АТАУЫ | БАЛЛЫ |
IELTS | кемінде 5,0 |
TOEFL ITP | кемінде 417 балл |
TOEFL IBT | кемінде 35 |
TOEIC | кемінде 550 |
Duolingo English Test | кемінде 80 |
DSH | кемінде В1 деңгейі |
TestDaF-Prufung | кемінде В1 деңгейі |
TFI | (оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес) |
DELF | кемінде B1 деңгейі |
DАLF | кемінде В1 деңгейі |
TCF | кемінде В1 деңгейі |
Емтихан бөлімі | Балл |
ЖОО-ның емтихан комиссиясы оқуға түсушімен өткізетін әңгімелесу | 30 |
Эссе | 20 |
Білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтары | 50 |
Барлығы | 100 |
- Бакалавриат
- Магистратура
- Докторантура
- Маңызды даталар
- Білім беру бағдарламалары
- Құжаттар тізімі
- Пререквизиттер
- Нормативтік-құқықтық актілер
- Қабылдау емтихандарына арналған тақырыптар мен әдебиеттер
- Сұхбаттасу кестесі
- Докторантураға түсу емтиханының бағалау критерийлері
- Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде докторантураға оқуға түскен тұлғалар тізімі
- Шәкәрім жоғары колледжі
- Дайындық бөлімі
- Шет ел азаматтары үшін
- Студенттер үйлері
- Байланыс телефондары