Minor «Сайт жасау»
HTML, CSS және Java Script тілдерін қолдану арқылы интернетке арналған өнімдерді жасақтау.
Мақсаты |
Қалыптасатын негізгі құзіреттер |
Оқыту нәтижелері |
Web технологиялардың заманауи жобалау әдістемелері мен желілік қатынастарын қолдана отыра, интернет ресурстарды, web қосымшалар мен сайттарды жасақтау. |
Соңғы технологиялық стандарттарға сәйкес заманауи сервистер мен web программалау тілдерін пайдалана отырып креативті web өнімдерін әзірлеу |
1) Интернет өнімдерін жасақтау негіздерін біледі және түсінеді |
№ |
Minor курстары |
Сипаттамасы |
1. |
Web сервистер |
Web сайт жасауда қолданылатын түрлі графикалық, аудио-визуалды, анимациялық, мультимедиалық файлдарды мақсатты құрастыру, өңдеу және жариялау жолдары қарастырылады. Сонымен қатар, сайт түрлеріне байланысты түрлі конструкторларды қолдану, хостингтерге орналастыру және домендік атауларды тағайындау, шаблондық шешімдерді тиімді қолдана отырып, қауіпсіздікті бақылау сервистерін, тегін SSL сертификаттары мен SEO, оңтайланған CMS ендіру, виджеттарды, метрикалық шешімдерді орналастыру баяндалған. |
2. |
Web дизайн |
Түрлі сайттарды жасақтау барысында қолданушының көңілінен шығатын, әрі интерфейсі түсінікті өнім құрастыруда қолданылатын құралдар қарастырылады. Сайттарды беттеуге арналған HTML тегтері мен CSS стильдерін оңтайлы қолдану арқылы мәтін, логотип, баннер, видео плеер, графикалық элементтер мен сайттың навигациясын жүзеге асыру, жаңартып отыру мен әкімшілендіру заңдылықтары қамтылған. Сонымен қатар, беттелген сайттың программалауға бейімділігін қамтамасыз етуге кеңінен тоқталған. |
3. |
Web программалау |
Беттелген сайттардың функционалдық мүмкіндіктері мен сценарийлерді іске асыру мақсатында қолданылатын Java Script объектіге-бағытталған программалау тілінің мүмкіндіктері мен практикалық қолданылуы баяндалған. Web сайтта түрлі формаларды құру, математикалық есептеулер жүргізу, тұрақтылар мен объектілерді пайдалану жолдары, web қосымшалардағы оқиғаларды іске асыру, интернет үшін клиенттік және серверлік қосымшаларды құру арқылы браузер әрекетін басқару қарастырылған. |
- Нормативтік-құқықтық база
- Академиялық саясат
- Университеттің академиялық кеңесі
- Түлек моделі
- Академиялық адалдық
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары
- Minor
- MOOC
- Кәсіби практика
- Дуалды оқыту
- Көптілді білім беру
- Қашықтан білім беру
- Ішкі академиялық ұтқырлық
- Жазғы семестр
- Инклюзивті білім беру
- Аккредитация және рейтингтер
- Академиялық күнтізбе
- Біліктілікті арттыру курстары және қайта даярлау
- Сипаттамасы бар өзіндік үлгідегі дипломдардың бекітілген нысандары