Minor «Заманауи медиа жане цифрлык технология»
Жаңа медиа деп мазмұны цифрланған және Интернетте ұсынылуы мүмкін дәстүрлі БАҚ-тың барлық түрі түсініледі. Сондықтан да бүгінгі күні «жаңа медиа» ұғымының басқа да кең тараған синонимдері «онлайн медиа» және «желілік медиа» терминдері болып табылады, бұл медиа өнімді цифрланған түрде тікелей Интернетте көрсетумен байланысты. Журналистиканың дәстүрлі және жаңа түрлерінің техникалық және технологиялық негіздерін ескере отырып, негізгі сипаттамаларын білу және меңгеру – заман талабы.
Мақсаты |
Қалыптасатын негізгі құзіреттер |
Оқыту нәтижелері |
Журналистиканың дәстүрлі және жаңа түрлерінің негізгі сипаттамаларын береді, дәстүрлі және жаңа медианы уақыт және сапа тұрғысынан сипаттайды, журналистиканың әрбір түрінің мазмұнын, техникалық және технологиялық негіздерін қарастырады. |
Дәстүрлі және жаңа медианың технологиялық сипаттамаларын біледі; ақпаратты ұсынудың мәтіндік және визуалды түрін өнімді түрде үйлестіре отырып, өз өнімдерін жасайды; зерттелетін түрін ескере отырып, медиаконтенттің ерекшеліктерін көрсететін көрнекі материалдарды жасайды. |
1. Журналистиканың дәстүрлі және жаңа түрлерінің негізгі сипаттамаларына ие болады. 2. БАҚ-тың дәстүрлі және жаңа түрлерін уақыт пен сапа тұрғысынан жүйелі сипаттайды. 3. Журналистиканың әрбір түріне салыстырмалы сипаттама беруде жүйелі білімдерін қолданады. |
№ |
Minor курстары |
Сипаттамасы |
|
Іскерлік және имидждік коммуникация |
Пән нысаны білім алушыларға заманауи ақпараттық қоғамда қалыптасатын жаңа үлгідегі имидждік модель қалыптастыру мәселелері, имидж қажеттілігі мен қолданысы, имиджелогияның болжау тәсілдері мен технологиясын ұсынады. Кәсіби мінез-құлық іс-әрекетінің имидждік құрылымы, іскерлік коммуникация ерекшелігі және іскерлік байланыс негіздері мәселелерін қамтиды. Имидждік модель қалыптастыру және кәсіби мінез-құлық әрекетінің имидждік құрылымын көрсету, имиджологияның болжау тәсілдері беріледі. |
2. |
Заманауи медиатехнологиялар |
Пән білім алушыларға ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттің негізгі саясатын ескере отырып, ннтернет пен технологияларды дамытудағы қоғам және мемлекеттің мақсаттары мен міндеттерін түсіндіреді. Бүгінгі замандағы технологиялық жаңғыртудың қажеттілігі мен сұранысын нақты түсіндіреді. Интернет-журналистиканың мемлекеттік саясатқа, қоғамның әлеуметтік жағынан өркендеуіне және экономикалық дамуына әсер етуін, интернет ресурстарының типологиясын, интернет-ресурстарды типологияландыру принциптерін көрсетеді. Мультимедиялық журналистикада материалдарды ұсыну формасының ерекшеліктерін де атап өтеді. |
3. |
Ұлттық және трансұлттық медиакорпорацияла |
Пән бойынша білім алушы трансұлттық корпорация, тәуелсіз, жекеше, мемлекеттік немесе аралас кәсіпорындар туралы мағлұматтармен таныс болады. Шетелге тікелей қаржы (инвестиция) салушы фирма, қазіргі нарықтық экономика жағдайы, қазіргі нарықтық экономика кезінде ішкі және сыртқы экономиканың дамуы, әлемдік тәжірибе, сыртқы нарық туралы деректер ұсынылады. Трансұлттық этноцентрлік (этноорталықтық). полицентрлік немесе аймақтық, геоцентрлік корпорациялар жұмысы, трансұлттық корпорациялардың медиадағы көрінісі талданады. |
- Нормативтік-құқықтық база
- Академиялық саясат
- Университеттің академиялық кеңесі
- Түлек моделі
- Академиялық адалдық
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары
- Minor
- MOOC
- Кәсіби практика
- Дуалды оқыту
- Көптілді білім беру
- Қашықтан білім беру
- Ішкі академиялық ұтқырлық
- Жазғы семестр
- Инклюзивті білім беру
- Аккредитация және рейтингтер
- Академиялық күнтізбе
- Біліктілікті арттыру курстары және қайта даярлау
- Сипаттамасы бар өзіндік үлгідегі дипломдардың бекітілген нысандары