• білім алушылар, ПОҚ және университет қызметкерлері арасында, сондай-ақ облыс мектеп оқушылары, кәсіпорындар, ұйымдар мен басқа да мүдделі тұлғалар (стейкхолдерлер) арасында өзекті тақырыпқа жүйелі социологиялық сауалнамалар жүргізу;
• жүргізілген социологиялық зерттеулер бойынша әлеуметтік ақпаратты жинау және өңдеу, мәліметтер бойынша аналитикалық есептерді университет басшылығына ұсыну және университет сайтына жүктеу (https://clck.ru/rbpTi);
• оқу үдерісінің сапасын арттыру шеңберінде социологиялық зерттеулер жүргізуге құрылымдық бөлімшелерден өтінімдерді қабылдау;
• университетте кадрларды даярлау сапасын төмендететін жағымсыз құбылыстардың алдын алуға мүмкіндік беретін талдау мәліметтері бойынша ұсынымдар әзірлеу;
• университет ішінде де, одан тыс жерлерде де қоғамдық пікір мониторингісі бойынша жобаларды жоспарлау, әзірлеу және іске асыру;
• ғылыми жобалармен жұмыс істейтін білім алушыларға социологиялық әдістеме бойынша көмек көрсетуді қоса алғанда, қоғамдық процестерді мониторингілеу, әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелерін дайындау, жүргізу бойынша жалпы консультациялар.