Рейтингтер
Ұлттық және халықаралық рейтингтер
Рейтинг 2026
QS World University Rankings 2026
2025 жылғы 19 маусымда Shakarim University әлемдегі ең беделді және ықпалды университеттер рейтингі – QS World University Rankings 2026 тізіміне ресми түрде енді. Қазақстан атынан 20 университет рейтингке енсе, Shakarim University – елімізден енген үш жаңа ЖОО-ның бірі ретінде әлемнің үздік университеті 18% қатарына кірді.
Рейтинг 2025
QS Asia University Rankings 2025
985 азиялық университетті қамтитын QS Asia University Rankings 2023 рейтингі бүкіл Азия бойынша Шәкәрім университетінің #501-520 позициясын айқындайды.
QS Sustainability Rankings 2025
Шәкәрім университеті 107 елдің 1744 ЖОО арасында 1351-1400 аралығында орын алды. Қазақстандық ЖОО ішінде ТОП-10 университеттің қатарына енді.
Біздің жетістіктеріміз:
- Орталық Азиядағы әлеуметтік ықпал бойынша 3 орын
- Орталық Азиядағы экологиялық әсер бойынша 7 орын
- Орталық Азиядағы «Environmental Research» және «Health & Wellbeing» бойынша 1 орын
- Әлемдегі университетті басқару моделі бойынша 416 орын
THE Impact Rankings 2025
2025 жылы Shakarim University Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін Times Higher Education ұйымы жариялаған THE Impact Rankings беделді жаһандық рейтингіне алғаш рет енді.
QS Stars International Ranking 2024
Халықаралық QS Stars рейтингтік жүйесі Shakarim University-ге жоғары баға беріп, 4 жұлдызды иеленуге лайық деп таныды. Бұл бағалау біздің оқу бағдарламаларымыздың сапасы мен тиімділігін, түлектердің жұмысқа орналасу деңгейінің жоғарылығын, сондай-ақ, университет жұмысының әлеуметтік жауапкершілікке, инклюзивтілікке және экологиялық тұрақтылыққа негізделгенін растайды.
Университет «Білім беру», «Жұмыспен қамту», «Басқару», «Әлеуметтік ықпал» және «Күшті бағдарлама» санаттарында 5 жұлдыздық бағаға ие болды.
Сонымен қатар, «Инфрақұрылым», «Әртүрлілік, теңдік және инклюзивтілік», «Академиялық даму» және «Интернационалдандыру» санаттары бойынша 4 жұлдыз еншісіне тиді.
Толық ақпарат сайтта ұсынылған: https://www.topuniversities.com/universities/non-profit-joint-stock-company-shakarim-university
UI Green Metric World University Ranking 2024
Университеттердің экологиялық инфрақұрылымды жетілдіруге, сондай-ақ орнықты даму мен қоршаған ортаны қорғауға жәрдемдесуге бейілділігін өлшейтін 2024 жылғы UI Green Metric World Ranking әлемдік "жасыл" рейтингінің деректері бойынша Shakarim University әлемдегі ең экологиялық оқу орындарының арасында 662-ші орынды, қазақстандық университеттер арасында Shakarim University 8-ші орынды иеленді.
Толық ақпарат сайтта ұсынылған: https://greenmetric.ui.ac.id/rankings/overall-rankings-2024
Ranking of educational institutions of Kazakhstan according to National H-index 2024
Ұлттық индекс H-index бойынша білім беру мекемелерінің рейтингі - білім беру мекемелерінің ғылыми өнімділігі мен жарияланымдық белсенділігінің тәуелсіз рейтингі. Шәкәрім университеті 84 университеттің ішінде 19-шы орында.
Толық ақпарат сайтта ұсынылған: https://kz.h-index.com/en/shakarim-university
Қазақстандық ЖОО веб-сайттарының рейтингі – 2023
Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің (БСҚТА) бағалауы бойынша қазақстандық жоғары оқу орындары веб-сайттарының рейтингінде Шәкәрім университеті Қазақстанның 103 ЖОО арасында 44-орынға ие болды.
Толық ақпарат ресми сайтта ұсынылған: Қазақстандық жоғары оқу орындары веб-сайттарының рейтингі - 2023 (iqaa-ranking.kz)
Қазақстандық ЖОО ғылыми жарияланымдары бойынша рейтингі - 2023
Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің (БСҚТА) бағалауы бойынша Шәкәрім университеті ғылыми жарияланымдар бойынша ЖОО рейтингінде Қазақстанның 97 ЖОО арасында 20-шы орынды иеленді.
Толық ақпарат ресми сайтта ұсынылған: Қазақстандық жоғары оқу орындарының ғылыми жарияланымдары бойынша Рейтинг - 2023 (iqaa-ranking.kz)
«Атамекен» ҰКП білім беру бағдарламалар рейтингі
Шәкәрім университетінің білім беру бағдарламалары рейтингі нәтижелері келесі ресми сайтта ұсынылған «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (atameken.kz)
- Нормативтік-құқықтық база
- Академиялық саясат
- Университеттің академиялық кеңесі
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары
- MOOC
- Minor
- Кәсіби практика
- Дуалды оқыту
- Көптілді білім беру
- Қашықтан білім беру
- Ішкі академиялық ұтқырлық
- Жазғы семестр
- Инклюзивті білім беру
- Аккредитация және рейтингтер
- Академиялық күнтізбе
- Біліктілікті арттыру курстары және қайта даярлау
- Сипаттамасы бар өзіндік үлгідегі дипломдардың бекітілген нысандары