- Университеттің инфрақұрылымдық саясатын тұрақты даму қағидаттарына сәйкес іске асыру, оның ішінде көміртек ізін азайту (ESG – экологиялық аспект), қауіпсіз және инклюзивті ортаны қамтамасыз ету (әлеуметтік аспект), сондай-ақ объектілерді жаңғырту және пайдалануды ашық басқару (корпоративтік басқару аспектісі) арқылы сапалы білім беру (ТДМ 4), орнықты қалалар мен қауымдастықтар құру (ТДМ 11), ресурстарды ұтымды тұтыну (ТДМ 12) және климаттың өзгеруіне қарсы күрес (ТДМ 13) сияқты тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосу.
- университеттің оқу корпустарына жыл сайынғы жоспар бойынша жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізу;
- университеттің оқу - өндірістік базасын дамытуды перспективалық жоспарлау;
- барлық инженерлік жүйелер мен коммуникациялардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- университеттің барлық оқу-өндірістік ғимараттарын электр энергиясымен үздіксіз жабдықтау;
- университеттің барлық оқу-өндірістік ғимараттарын сапалы телефон байланысымен үздіксіз жабдықтау;
- университет автокөліктерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- жаңа оқу-өндірістік корпустардың құрылыс кезінде және пайдалануға беру кезінде бақылау;
- университеттің оқу ғимараттары мен іргелес аумақтарының ішінде санитарлық-гигиеналық жағдайларды қамтамасыз ету және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау.