17 сәуір 2024

СӘУІР АЙЫНЫҢ 15-КҮНІ «КРИПТОИНВЕСТИЦИЯЛАР. СТАРТ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Сәуір айының 15-і күні Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының ұйымдастыруымен жаратылыстану-математика факультеті, инженерлік-технологиялық факультеті, гуманитарлық-экономика факультеті студенттері мен профессорлық-оқытушы құрамына (130 қатысушы) «Криптоинвестициялар. Старт» атты семинар өтті. Семинарды Астана қаласынан келген ЧК Tarlan Development Group Ltd компаниясының спикерлері Жантасова Аделя Растямовна мен Айгелов Бакытжан Асылханович өткізді. Семинарға қатысқан 130 тыңдаушы инвестиция, криптовалюта, трейдинг, халвинг жайлы құнды ақпарат алды.