Психологиялық қолдау қызметінің маманы Қ.А.Сағындыкова Shakarim University қызметкерлеріне “Коммуникативтілік дағдыларды дамыту” тақырыбында тренинг өткізді.Тренинг барысында:
- Әріптестердің бір-бірінің эмоцияларын түсінуі жақсарып, қарым-қатынаста түсіністік пен жанашырлық пайда болды.
- Топтық тапсырмаларды орындауда рөлдерді дұрыс бөлу дағдылары дамыды, жұмыс үйлесімді болды.
- Қиын сұрақтарға жауап беруде және қарым-қатынастағы қиын жағдайларды басқаруда сенімділік артты.
- Жаңа коммуникациялық құралдарды пайдалану дағдылары енгізілді және жетілдірілді.
- Жұмыс орнында жағымсыз стереотиптер мен түсініспеушіліктер азайды.