01 шілде 2025

Shakarim University жаңа логотипіне арналған байқау

Байқаудың мақсаты

Shakarim University құндылықтарын, миссиясын және болашақ даму бағытын бейнелейтін заманауи, бірегей және есте қаларлық логотип жасау.


Кімдер қатыса алады?

  • Shakarim University студенттері (барлық білім беру деңгейлері);

  • Оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер.

Қатысу — жеке немесе шығармашылық топ құрамында.


Логотипке қойылатын талаптар

  • Мәтіндік бөлігі міндетті түрде болуы керек: Shakarim University;

  • Негізгі құндылықтарды көрсету: білім сапасы, инновация, сабақтастық, академиялық еркіндік;

  • Заманауилық, ықшамдылық, әмбебаптық;

  • Әртүрлі ортада қолдануға бейімділік (сайт, құжаттар, мерч, маңдайшалар);

  • Бірегейлік (басқа жұмыстарды көшіруге жол берілмейді).


Қандай материалдар ұсынылуы керек?

  • Негізгі логотип (түсті нұсқасы);

  • Монохромды нұсқасы (қара-ақ);

  • Символ/иконка;

  • Тұжырымдаманың қысқаша сипаттамасы (300 сөзге дейін);

  • Түстер палитрасы және қолданылған қаріптер;

  • Қолдану үлгілері (қалауыңыз бойынша).


Қабылданатын форматтар

  • Векторлық файл: .AI, .SVG немесе .EPS;

  • Растрлық бейнелер: .PNG, .JPG (300 dpi);

  • Материалдар жинағы: .ZIP немесе .RAR.


Байқау мерзімдері

Жұмыстарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 31 шілдеге дейін


Жүлделер

  • I орын: ақшалай сыйлық / құнды сыйлық + сертификат + брендбук әзірлеуге қатысу;

  • II және III орындар: естелік сыйлықтар + сертификаттар.


Жұмыстарды қайда жіберу керек?

Барлық байқау материалдарын келесі электрондық поштаға жолдау қажет: n.azatbekuly@shakarim.kz
Хат тақырыбында міндетті түрде көрсетіңіз:
Логотип байқауы – [Қатысушының аты-жөні]


Байқау нәтижелері

Жеңімпазды университет ректоры, дизайнер-оқытушылар, брендинг саласының сарапшылары және студенттік өзін-өзі басқару ұйымының өкілдері кіретін қазылар алқасы анықтайды.