Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі14 мамыр 2025шәкәрім университеті

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ – EXECUTIVE MBA (EMBA) БАҒДАРЛАМАСЫ

Шәкәрім университеті іскер  көшбасшылар  үшін жаңа мүмкіндікке  жол ашпақ.

Университетте  компанияның стратегиялық шешімдерін қабылдайтын кәсіпкерлерді, ұйымдардың басшыларын және мемлекеттік мекемелердің жетекшілері мен мамандарын,  жоба менеджерлері мен мамандарын  кәсіби қайта даярлауға арналған Іскерлік әкімшілендіру Executive MBA (EMBA) бағдарламасы іске қосылады.

 

 

 (Executive MBA) – бұл қазіргі заман талабына сай басқарушылық дағдыларды жетілдіруге, стратегиялық ойлау қабілетін дамытуға және кәсіби біліктілікті арттыруға бағытталған 1 жылдық интенсивті оқу бағдарламасы.

 

Оқу барысында сіз:

Бәсекеге қабілетті бизнес-стратегияларды әзірлеп, жүзеге асыруды үйренесіз;

Ұйымның қаржылық және экономикалық қызметіне терең талдау жасай аласыз;

Басқарушылық және инвестициялық шешімдер қабылдау қабілетін дамытасыз;

Өзгерістер жағдайында тиімді көшбасшы ретінде әрекет етуді меңгересіз;

Стратегиялық жоспарлау мен өзгерістерді басқару дағдыларын меңгересіз.

 

 

Executive MBA дәрежесі не үшін қажет?

Өйткені әлем үнемі өзгеруде. Жетістікке жету үшін сіз де үздіксіз дамуыңыз қажет. Executive MBA — бұл сіздің көшбасшылық әлеуетіңізге, мансаптық өсуіңізге және бизнесіңіздің тұрақты дамуына бағытталған инвестиция.

 

Оқу мерзімі: 1 жыл

Оқу ақысы: 1 100 000 теңге

 

 

Өз болашағыңызды бүгін  жоспарлаңыз!

Executive MBA (EMBA) көшбасшыларды дайындайды!