Shakarim University ректоры Думан Орынбековтің 2025 жылғы түлектерге диплом табыстау рәсіміне орай үндеуі

30 июнь 2025түлек

Құрметті түлектер! Қадірлі ұстаздар, ата-аналар, әріптестер, серіктестер!     Бүгінгі күн – ерекше күн. Бұл күн таңдаудың, өсу мен есеюдің, тынымсыз ізденістің, еткен еңбек, төккен тердің барлығын бір ортақ нүктеге тоғыстырады – ол жаңа өмір кезеңінің бастауы.   Shakarim University мен біздің колледжімізден 2600-ден астам түлек диплом алып отыр. Университет...

Подробнее

ДИССЕРТАЦИЯ СӘТТІ ҚОРҒАЛДЫ

30 июнь 2025диссертация

Шәкәрім университеті «Өнер» кафедрасының меңгерушісі Берікбол Рахат Рахметоллаұлы 8D014 – Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған педагогтерді даярлау бағыты (6D010700 – Бейнелеу өнері және сызу / 8D01416 – Көркем білім, графика және жобалау) бойынша PhD ғылыми дәрежесін алу мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Диссертациялық кеңесте «Графика өнері туындылары арқылы болашақ мамандардың этнокөркем...

Подробнее

ЖАҢА ӨМІРГЕ ЖОЛДАМА

30 июнь 2025түлек

Еліміздің білім беру жүйесінде өзіндік орны бар, өңірдегі іргелі жоғары оқу орындарының бірі – Шәкәрім университеті өзінің кезекті түлектерін үлкен өмірге шығарып салды. Биылғы «Graduate-2025» салтанатты диплом табыстау рәсімі «Арена» көпсалалы мәдени-спорт кешенінде жоғары деңгейде өтті.     Бұл айтулы іс-шара – тек студенттік өмірдің аяқталып, жаңа кезеңнің басталуы ғана...

Подробнее

Темірлан - садақ атудың шебері

27 июнь 2025садақ ату

Тараз қаласында өтіп жатқан дәстүрлі садақ атудан Қазақстан Республикасының жастар арасындағы IV чемпионатында 70 метрлік  "Пута" нысанасы бойынша  Шәкәрім университетінің Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Темірлан Түсіпханов жеңіс тұғырынан көрініп, оқу орнының абыройын асқақтатты.  Осылайша, студентіміз садақ атудан спорт шебері атанып, ҚР Ұлттық құрамасына  қабылданды.  ...

Подробнее

Shakarim University ректорының Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы

27 июнь 2025журналисты

Құрметті Абай облысы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!   Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары  қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!   Сіздердің күнделікті жұмыстарыңыздан – бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын жаңалықтар ағынынан  қоғамдық сана, диалог мәдениеті мен азаматтық жауапкершілік қалыптасады. Қарқынды өзгерістер дәуірінде Сіздер ақпараттық кеңістіктің тұрақтылығын сақтап, күрделі үдерістерді қоғамның...

Подробнее

Колледж түлектері қанат қақты

26 июнь 2025shakarim higher college

Бүгін Шәкәрім жоғары колледжінің бітіруші түлектеріне диплом табыстау салтанаты өтті. Түлектер өміріндегі ең маңызды күнге арналған ауқымды іс-шараға жастардың ата-аналары мен білім берген ұстаздары, оқу орнымен серіктес мекемелер мен кәсіпорындардың өкілдері қатысты.     Салтанатты кештің шымылдығын ашқан Shakarim Higher College директоры Тоты Әбдікәрімова үлкен өмірге жолдама алып отырған түлектеріне...

Подробнее

Спорт саласына серпін беретін маңызды кездесу

25 июнь 2025футбол

Шәкәрім университетінің өкілдері мен «Елімай» футбол клубының басшылығы әріптестік орнату мәселесіне арналған кездесу өткізді. Бұл кездесу аймақтың спорттық әлеуетін арттыру, жастар мен балалар спортын дамыту және кәсіби мамандар даярлау бағытындағы маңызды қадамдардың бірі деуге болады.     Университет тарапынан кездесуге Шәкәрім университетінің Стратегия және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Асқар Қасымов,...

Подробнее

Абайдың туған жерінде: рухани мұра мен білім жолы

24 июнь 2025шәкәрім университеті

Маусымның 22-23 күндері Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері мен қызметкерлерінің Абай облысына танымдық сапары өтті. Сөйтіп, Шыңғыстаудың үш шыңы – Абай, Шәкәрім, Мұхтардай үш алыптың есімдерін еншілеген үш оқу орнының ұландары Ұлылар мекенінде бас қосты.  ...

Подробнее

Абайдың шығармашылық танымы жайлы ашық дәріс

24 июнь 2025ашық дәріс

Бүгін Шәкәрім университетінде Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Тіл саясаты комитетінің төрағасы, филология ғылымдарының кандидаты Ербол Ердембекұлы Тілешовтің «Абайдың шығармашылық танымы» тақырыбындағы ашық дәрісі өтті. Университет ректоры Думан Орынбеков жиналған қауымға ғалымды таныстырып, сөз тізгінін құрметті қонаққа ұсынды.     Дәріс барысында Ербол Ердембекұлы Абайдың таным дүниесіне, әдебиеттегі орнына,...

Подробнее

Республикалық әдістемелік семинар өткізілді

23 июнь 2025ғалым

2025 жылғы 20 маусымда Шәкәрім университетінде ф.-м. ғ. к., қауымдастырылған профессор Оралтай Мұратханұлы Жолымбаевтың 60 жылдық мерейтойына орай «Білім берудегі пәнаралық тәсіл: ғылымдар тоғысында пәнаралық оқыту мен жобалық әдістердің мүмкіндіктерін зерттеу» тақырыбындағы республикалық деңгейдегі әдістемелік семинар өтті.     Семинарға еліміздің жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары мен тәжірибелі педагогтері қатысты....

Подробнее