Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі16 қыркүйек 2025күміс университет

Shakarim University AIUTA халықаралық қауымдастығына мүше болды

  Shakarim University Үшінші жастағы университеттердің халықаралық қауымдастығына ассоциативті мүше ретінде қабылданды.

   AIUTA қауымдастығы бүгінде әлемнің 50-ден астам еліндегі жоғары оқу орындарын, білім беру орталықтарын және ғылыми мекемелерді біріктіреді. Ұйымның негізгі мақсаты – өмір бойы білім алу идеясын қолдау, ересектер мен зейнет жастағы адамдарға білімін жетілдіруге жағдай жасау, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, мәдени және әлеуметтік жобаларды халықаралық деңгейде дамыту.

   Shakarim University-дің халықаралық қауымдастыққа мүше болуы – білім беру жүйесіне бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Ендігі кезекте университетіміз аға буын өкілдеріне арналған білім беру, шығармашылық және әлеуметтік жобаларды кеңінен жүзеге асырады.

   «Күміс университет» ‐ Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-танымдық жоба. Бұл бастама қоғамдағы әлеуметтік-мәдени өмірді жандандыруға үлкен үлес қосады. Жоба аясында егде жастағы азаматтарға түрлі бағыттағы курстар, семинарлар, тренингтер мен шығармашылық үйірмелер ұсынылады.

   Shakarim University Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Үшінші жас университеттерінің халықаралық қауымдастығының (AIUTA) президенті, профессор Франсуа Велластың Қазақстанға келген сапар барысындағы жиынына арнайы қатысып, ынтымақтастық аясындағы меморандумға қол қойды.

   Шәкәрім университетінің қауымдастыққа қосылуы – өңірдегі білім мен ғылым саласының халықаралық байланыстарын жаңа белеске шығарады. Бұл мәртебе оқу орнына:

Аға буынға арналған білім беру бағдарламаларын жетілдіру;

«Күміс университет» жобасын кеңейту;

Әлеуметтік туризм мен мәдени-ағартушылық бастамаларды ілгерілету;

Халықаралық тәжірибе алмасу және шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты дамытуға жол ашады.

   Бұл қадам – университеттің интернационалдандыру стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады және өңірлік, ұлттық және халықаралық деңгейлерде білім беру мен әлеуметтік жобаларды нығайтуға ықпал етеді.

   Университет басшылығының айтуынша, AIUTA-ға мүше болу – тек халықаралық деңгейде мойындалу ғана емес, сонымен бірге білімнің қолжетімділігін арттыруға, заманауи үрдістерге сай жаңа бағдарламаларды енгізуге мүмкіндік туғызады.

   Шәкәрім университетінің бұл жетістігі оқу орнының жаһандық білім беру кеңістігіндегі орнын нығайтып, аймақтың да ғылыми-мәдени дамуына серпін бермек.

Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі да ақымақтық.

Абай Құнанбайұлы