Құрметті әріптестер, студенттер, достар!
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл – Қазақстан атты ортақ үйімізге жан-тәнімен берілген, ортақ тағдыр мен ертеңгі күнге деген сенім біріктіретінеліміздің әрбір азаматының мерекесі. Бұл – еліміздегі барлық ұлт пен диаспоралар арасындағы ынтымақ пен бірлікті, келісім мен достықты дәріптейтін ең салтанаттыкүн.
Жақында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің басты құндылықтары – бірлік пен тұрақтылық екенін ерекше атап өтті. Шын мәнінде, әрқайсымыз іштей бейбітшілік атты осы қоғамдық келісімнің қолдаушысы, тілекшісіміз.
ShakarimUniversity бұл идеяның жарқын үлгісі болып отыр. Ондаған жылдар бойы университетімізде 15-тен астам ұлт өкілдері – ғалымдар, оқытушылар, студенттер мен зерттеушілер бірлесе еңбек етіп келеді. Бүгінде біз өзара құрметке, тілдік және мәдени әртүрлілікке, диалог пен сенімге негізделген осы дәстүрді жалғастырып отырмыз.
Біз болашағымыздыөзара сыйластық пен келісімге, білім мен ғылымға негіздей отырып, берекелі қоғам құруға ұмтыламыз. Бүгінгі бірлік пен татулық – ертеңгі кемел келешектің кепілі. Қазақстан халқының бірлігі күні – тек мереке ғана емес, бұл – біздің ортақ жауапкершілігімізді, ортақ мұратымызды тағы бір еске салып, ел мен елді, жүрек пен жүректі жақындататын маңызды күн.
Сіздерге бейбіт өмір, өзара түсіністік және жарқын болашаққа деген сенім тілеймін!
Бірлігіміз бекем, тірлігіміз келісті болсын!
Ізгі тілекпен, Думан Орынбеков