Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі03 шілде 2025түлек-2025

Еркеназ Шағыманова, университет түлегі: Shakarim University – әрбір жасты арманына жетелейтін оқу ордасы

Міне, біз бакалавр дипломын алып отырмыз. Шәкәрім университетіндегі төрт жыл – студенттік кездің ғана емес, жалпы өмірімнің ең бір аяулы, жарқын сәттері.  

 

 

Осыдан төрт жыл бұрынғы сәттерді еске алсам,  мектеп қабырғасынан  енді шығып, университет табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршін қызға бәрі таңсық, бәрі жаңа дүние болатын. Біз рухани деңгей ғана емес, білім жағынан, ойлау, сыни ойлау жағынан да көп өстік, жетілдік деп ойлаймын. Сол үшін Шәкәрім университетіне мың алғыс!

 

 

Диплом алу кешінде кеш  жүргізушілері «Шәкәрім университеті армандар орындалатын, әрбір жасты арманына жетелейтін оқу ордасы» деп айтып жатты.  Шынымен де солай, жүз пайыз келісемін. Осы университет қабырғасында мен тек білім алып қана қойған жоқпын, өзімнің дағдыларымды дамыттым, қоғамдық жұмыстарға белсене араластым, білім жағынан да аянып қалмадым деп ойлаймын. Енді, осындай жақсы нәтижемен оқу орнын аяқтап отырмыз. Диплом алатын сәтте көзіме жас келгені бар. Жалпы, қаншама құрбы-достарым диплом алып жатыр ғой, бірақ мен үшін бұл – ерекше сәт. Төрт жыл білім берген алтын ұямыздан түлеп ұшып бара жатқандықтан, жүректе қимастық сезім бар. 

 

 

Шәкәрім университетіне, университет басшылығына, бізді оқытқан, қолдаған оқытушылар құрамына алғысым шексіз. Шәкәрім университеті әлі де мықты, бәсекеге қабілетті түлектерді қанаттандырып ұшыра беретініне сенемін.

Оқу, білім үйренген адам түрлі өнерді білетіні рас.

Шәкәрім Құдайбердіұлы