Мен университетті Физика және химия зерттеу мектебінің «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасы бойынша бітіріп отырмын.
Университет қабырғасындағы төрт жыл уақыт ішінде біз сапалы білім алдық, жақын достар таптық, жаңа орта қалыптасты. Өзім жүрек қалауымен таңдаған мамандығымның қыр-сырын үйренуге барынша тырыстым.
Ұстаздарымыздың арқасында теориялық және тәжірибелік дағдыларды үйрендік, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерді, халықты қорғау әдістерін, түрлі апаттар салдарын жою кезіндегі құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу негіздерін меңгердік. Төтенше жағдайларда адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты парызымыз екенін терең түсіндік.
Өз басым Шәкәрім университетін біздің өңіріміздегі ең үздік университеттің бірі деп санаймын. Сондықтан осы оқу орнын таңдаған болатынмын. Енді, міне, мамандық иесі болып аттанып барамыз.
Биылғы жылы жоғары оқу орнына түсуге талаптанып жатқан талапкер іні-қарындастарыма Абай облысы аумағындағы ең үздік оқу орны – Шәкәрім университетіне таңдауыңыз түссе, еш қателеспейсіз дегім келеді.