Құрметті ардагерлер, тыл еңбеккерлері, әріптестер, студенттер, жас ғалымдар!
Биыл еліміз ерекше күнді – Жеңістің 80 жылдығын атап өтуде.
Екінші дүниежүзілік соғыста қазақ халқы ерекше ерлігімен көзге түсті. Отандастарымыз қан майданда ерлік көрсетсе, елде қалған қарттар мен әйелдер, бала-шаға «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген ұранмен тылда...
Шәкәрім университетінде Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты музыкалық-поэтикалық кеш өткізілді.
Кеш "Соңғы соғыс поэзиясы" қойылымымен басталып, экраннан қазақтың біртуар перзенті, әйгілі әскери қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, Бауыржан Момышұлының майдан жайлы естеліктері көрсетілді.
Келесі...
Құрметті әскери қызметшілер, Отан қорғаушылар!
Ардақты ардагерлер, құрметті оқытушылар!
Қымбатты студенттер!
7 мамыр –қайсарлық пен туған ел алдындағы адалдықтың күні. Бұл – ел шекарасын, халық тыныштығын қорғайтын, қаруымен де, кәсібімен де Тәуелсіз Қазақстанның мүддесіне қызмет етіп жүрген жандардың күні.
ShakarimUniversity ұжымы атынан баршаңызды Отан қорғаушылар күнімен...
2025 жылғы 4–5 мамыр күндері Қазақстан тарихында алғаш рет I Халықаралық жылқы шаруашылығы конгресі өтті.
ShakarimUniversity қабырғасында өткен айтулы іс-шара Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының ауылшаруашылық университеттері, ғылыми-зерттеу институттары, асыл тұқымды шаруашылықтары мен министрліктерінің өкілдерін, жетекші мамандар мен ғалымдардың басын қосты.
Бұл – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аграрлық ғылымды...
INNOVATE SHAKARIM UNIVERSITY форумының сараптамасы
2025 жылғы 4 мамыр күні Shakarim University қабырғасында
14 ірі іс-шара өтті:
Ректор Думан Орынбековтің мазмұнды 3 кездесуі:
Үздік мектеп түлектерімен — 1200-ден астам қатысушы
Магистратура үміткерлерімен — 300-ден астам қатысушы
Колледж үздіктерімен — 200-ден астам қатысушы;
Инновациялық жәрмеңкеде 30-дан астам стартап-жоба ұсынылды;
«Intellectual...
4 мамырда Shakarim University аумағында халықаралық Innovate Shakarim University форумы өткізіліп, келушілер ғылым, жастар көшбасшылығы, спорт пен өңірлік ынтымақтастықтың тоғысқан сәтіне куә болды.
Ректор Думан Орынбеков облыс орталығы мектептерінің түлектерімен, магистратураға үміткерлермен және Семей қаласы колледждерінің түлектерімен кездесті.
Мектеп бітіруші түлектермен кездесуге Семей қаласының және Абай облысының ең үздік...
Магистратура – болашақтың сәулетшілері үшін
4 мамырда Shakarim University-дің бас ғимаратының акт залында ректор Думан Орынбековтің магистратураға үміткерлермен кездесуі өтті. Бұл кездесу Innovate Shakarim University халықаралық форумының ғылым, инновация, көшбасшылық және өңірлік миссияны біріктірген маңызды оқиғаларының бірі болды.
Кездесуге 300-ден астам жас жиналды, олардың қатарында университет түлектері мен...
Шәкәрім университетінде 5 мамырда өтетін жылқы шаруашылығының І Халықаралық конгресінің аясында кеше Абай облысының Бесқарағай ауданындағы маңызды шаруашылықтарға ғылыми-өндірістік сапар ұйымдастырылды. Бұл өңір — қазақ және мұғалжар жылқы тұқымдарының ерекше түрлері қалыптасқан республикалық маңыздағы тұқым орталығы саналады. Униветситеттің ғылым жөніндегі проректоры Жанар Қалибекқызы бастап барған ғалымдарды аудан әкімі Нұрбек Қошқарбаев пен Ерназар...
Құрметті әріптестер, студенттер, достар!
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл – Қазақстан атты ортақ үйімізге жан-тәнімен берілген, ортақ тағдыр мен ертеңгі күнге деген сенім біріктіретінеліміздің әрбір азаматының мерекесі. Бұл – еліміздегі барлық ұлт пен диаспоралар арасындағы ынтымақ пен бірлікті, келісім мен достықты дәріптейтін ең салтанаттыкүн.
...
«Алакөлдің табиғи, тарихи-мәдени ландшафтық әлеуетін кешенді талдау және рекреациялық туризмді дамытудың тиімді тетіктерін әзірлеу» бағдарламасы аясындағы далалық зерттеу сапарының алғашқы кезеңі аяқталды. Жоба аясында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Алакөл өңірінің туристік әлеуетіне қатысты құнды деректер жинақталды.
Зерттеу барысында ғалымдар Мақаншы ауданында Алакөл алабының табиғи, тарихи, мәдени және туристік әлеуеті...