04 қыркүйек 2025

Эрасмус+ бағдарламасының грантын жеңдік!

Шәкәрім университеті және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің (ММУ) Тәжікстандағы филиалы экологиялық білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған жоба ұсынып, Эрасмус+ бағдарламасы аясында грант жеңіп алды. Эрасмус+ бағдарламасы – бұл Еуропалық Одақтың білім, кәсіби дайындық, жастар және спорт салаларын қолдау бағдарламасы.
Орталық Азия мен Еуропалық Одақтың жоғары оқу орындарының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жоба экологиялық білім беруді жетілдіруге және “Жасыл саясатты” қолдауға арналған. Жоба университеттердің экология мен табиғатты пайдалану саласындағы құзыреттіліктерін арттырып, жасыл технологияларды кеңінен насихаттау мен енгізуге, сондай-ақ студенттер мен қызметкерлердің мобильділігін дамытуға мүмкіндік береді.

Шәкәрім университеті сіздерді аталған Эрасмус+ жобасына қатысып, халықаралық деңгейде ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік алуға шақырады!