Шәкәрім университетінің баспасөз қызметірейтинг

Shakarim University алғаш рет QS World University Rankings 2026 жаһандық рейтингіне енді: Өңірлік көшбасшының жаңа мәртебесі

2025 жылғы 19 маусымда Shakarim University әлемдегі ең беделді және ықпалды университеттер рейтингі – QS World University Rankings 2026 тізіміне ресми түрде енді. Биыл бұл рейтингке 106 елден 8 467 университет қатысып, олардың 1 501-і финалдық тізімге өтті. Қазақстан атынан 20 университет рейтингке енсе, Shakarim University – елімізден енген үш жаңа ЖОО-ның бірі ретінде әлемнің үздік  университеті 18% қатарына кірді.

 

QS Quacquarelli Symonds ұйымының аймақтық директоры Сергей Христолюбовтың айтуынша:

«Shakarim University төмендегідей көрсеткіштер бойынша жоғары нәтижелер көрсетті:

- Шетелдік оқытушылардың үлесі

- Оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы

- Жұмыс берушілер арасындағы беделі

 

Университеттің алдағы даму мүмкіндіктері – ғылыми жарияланымдар санын арттыру, халықаралық зерттеу жобаларына белсенді қатысу және шетелдік академиялық ортада танымалдықты күшейту».

 

Жетістік жолы

Shakarim University-дің жаһандық рейтингке енуі 2023–2024 жылдары басталған стратегиялық трансформацияның жемісі:

Кадрлық жаңару: соңғы екі жылда жас оқытушылар мен science-профессорлар үлесі 8%-дан 39%-ға дейін өсті.

 

 Инфрақұрылымды жаңғырту: (бұл жөнінде бірнеше рет жазылды)

-Интернационализация: 37 елдің 60 университетімен келісім, қос диплом бағдарламалары, шетелдік оқытушылар саны 3 есе өсті;

- Ғылыми белсенділік: Scopus базасында 700-ден астам мақала, 2 200-ден аса дәйексөз.

 

QS-тің негізгі блоктарына кіру: International Research Network, International Student Diversity, Наука и открытия және т.б.

 

Тұрақты даму бағытындағы халықаралық мойындау

 2025 жылғы 18 маусымда университет алғаш рет Times Higher Education жариялайтын THE Impact Rankings рейтингіне енді. Бұл рейтинг университеттердің БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына (ЦУР) қосқан үлесін бағалайды. Shakarim University 17 ТДМ-нің ішінен бірден 13 мақсат бойынша танылып, экологиялық, әлеуметтік және инклюзивті жобаларға белсенді қатысып отырғанын дәлелдеді.

 

Бұған қоса университет:

 QS Asia Rankings-те 100 сатыға көтеріліп, Азияның 984 университетінің ішінде топ–501–520 қатарына енді

 QS Stars жүйесінде «Білім беру», «Жұмыспен қамту», «Әлеуметтік әсер» және т.б. бағыттар бойынша 5 жұлдыз иеленді

  UI GreenMetric жаһандық экологиялық рейтингінде 662-орынға тұрақтады

  QS Sustainability Rankings Central Asia-да 1-орын – Environmental Research, 3-орын – әлеуметтік әсер көрсеткіштері бойынша танылды

 

 Халықаралық мойындау  өңірлік мазмұнмен ұштасады

Shakarim University жетістігінің басты ерекшелігі – оның өңірлік сипаты. Университет әлемдік деңгейге тек мегаполистерде ғана емес, өңірлерде де қол жеткізуге болатынын дәлелдеді.

Мұндай нәтижеге келесі факторлар әсер етті:

Зерттеу және Жоғары мектептердің ашылуы (STEM, ауылшаруашылық, білім беру, бизнес және т.б.)

Халықаралық форумдар мен зертханалардың ашылуы

Қытайдың Xi’an Jiaotong University университетімен бірлесіп Халықаралық электр автоматика зертханасының құрылуы – университеттің трансұлттық инновациялық үлгіні қалыптастырудағы маңызды қадам. Shakarim University бұл модельде білім беру, ғылым және кадрлық хаб ретінде әрекет етеді.

 

Қазақстан үшін маңызы

Shakarim University – жаһандық рейтингке енген өңірлік университеттердің бірі ретінде адам капиталы, ғылыми дербестік және жаһандық мүмкіндіктерге тең қол жеткізу сияқты ұлттық мақсаттарға қолдау көрсетіп отыр.