пресс-служба Университета Шакарима08 сентябрь 2025жолдау

Әділет Сүгірбай, PhD, Шәкәрім университетінің Science-профессоры : «Президент Жолдауындағы ғылымға жаңа көзқарас – жаңа буын ғалымдарына сенім»

«Президент Жолдауында ғылым елдің бәсекеге қабілеттілігінің, ұлттық қауіпсіздігінің және болашағының тірегі екені жайлы тағы бір мәрте айқын көрсетілді. Бұл мен үшін жай ғана саяси бағдар емес, күнделікті еңбегімнің мәні.

 

Мен 2024 жылы «Жас ғалым»  жобасының грантын ұтып алған болатынмын. Жоба тақырыбы – «Қазақстанда қуаңшылық аймақтарда автоматтандырылған картоп егу машинасын жасау» болатын. Қазір сол машинаны жасап, студенттермен бірге эксперименттер жасап, Шәкәрім университетінің Агробиостанциясында бес түрлі картоп сұрпымен тәжірибелер өткіздік. Алдағы мақсатымыз сол тәәжірибелерді өзге де дақыл түрлеріне қолданып көру.  Қазір шетелден әкелінген картоптың 32 сұрпын егіп, нәтижесін көріп жатырмыз. Ол эксперименттерге университетіміздің агрономдары, студенттері атсалысып, қолдау білдіріп отыр. Жүргізілген тәжірибелік жұмыстардың нәтижелерін Scopus сынды деректер базасына енетін ғылыми журналдарға жариялап жатырмыз. Бұл – жеке жетістік емес, бүкіл университеттің ғылыми әлеуетін әлемге көрсету мүмкіндігі.

 

Біз Shakarim University-де ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудан бастап, халықаралық жарияланымдарға дейінгі толық циклді жолға қойдық. Бұл – біздің университеттің жаһандық ғылыми қауымдастықтағы орнын нығайтып қана қоймай, Қазақстанды ғылымы бар, бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде танытады.

 

Біз студенттерді ерте жастан ғылыми-зерттеу жұмысына тартамыз, семинарлар өткіземіз, практикалық кейстерді талдаймыз. 2024 жылғы республикалық байқауда 83 жұмыстың 28-і жүлделі орындарға ие болуы – осы жүйелі еңбектің нәтижесі.

 

Президенттің ғылымды ұлттық даму факторы ретінде көтеруі бізге жаңа міндет жүктейді: енді әр зерттеу тек ғылыми қызығушылық үшін емес, елдің азық-түлік, климаттық және технологиялық қауіпсіздігі үшін жұмыс істеуі тиіс. Менің ойымша, Жолдаудың ең басты ғылыми акценті  – осы.

Будь разумен, укрепляй свой дух в борьбе, лишь бездарный покоряется судьбе.

Абай Құнанбайұлы