press office of Shakarim University09 september 2025жолдау

Құмарбек Әмірханов, техника ғылымдарының докторы, профессор: «Қайта өңдеу – шикізаттық елден азық-түлік хабына өтудің жолы»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің экономикалық бағытын айқындайтын маңызды мәселелер қозғалды. Соның ішінде өңдеу және қайта өңдеу салаларын дамыту – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, оны халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті етудің кілті ретінде ерекше аталып өтті.

Қайта өңдеу саласы – бұл жай ғана ауыл шаруашылығынан алынған шикізатты өнімге айналдыру емес, бұл – қосымша құн тудыратын, экспорттық әлеуеті зор, заманауи технологияларға негізделген маңызды сала. Осы салада агроөнеркәсіп кешенінің алатын орны айрықша. Себебі Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайы, жер көлемі мен ауыл шаруашылығы саласындағы өндіріс көлемі бізге үлкен мүмкіндіктер беріп отыр.

Қазақстан тек шикізат жеткізуші ғана емес, дайын, терең өңделген өнімдерді шығаратын елге айналуы керек. Әсіресе, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу арқылы экспорттық әлеуетті арттыру – стратегиялық міндет.

Қазақстан үшін үлкен нарық – Қытай мен Ресей сынды көршілес мемлекеттер. Егер біз ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеп, халықаралық стандарттарға сай өнім шығара алсақ, онда Қазақстанның осы нарықтарда лайықты орын алуына барлық мүмкіндік бар.

Осыған байланысты еліміздің ірі азық-түлік хабына айналу мүмкіндігі күн тәртібіне шығып отыр. Бұл тек экономика үшін емес, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмыс орындарын ашу, ауылдарды дамыту сияқты көптеген маңызды мәселелерді шешуге ықпал етеді.

Біз – Шәкәрім университеті ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері ретінде, бұл өзгерістердің куәсі болумен қатар, оның белсенді қатысушысы болуға дайынбыз. Өнеркәсіп саласын ғылыми тұрғыдан қолдау, жаңа технологиялар енгізу, мамандар даярлау – біздің тікелей міндетіміз.

Осылайша, Мемлекет басшысының бастамаларына қолдау білдіре отырып, Қазақстанды әлемдік деңгейдегі азық-түлік өндірісі мен экспортының орталығына айналдыруға барынша атсалысамыз.

Think not of profit6 but of honor

Abay Kunanbaev

Latest news