ҚР ҒжЖБМ-нің 2022-2024 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру жобасы аясында ИРН AP14871008 "Көптілді және көпмәдениетті отандық білім беру жүйесінде білім берушілер мен білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту" тақырыбы бойынша Абай облысы Бесқарағай ауданының Борас орта мектебінде семинар өтті. Ғылыми-әдістемелік семинар жұмысына 21 мектептен 76 оқытушы қатысты.
Семинардың мақсаты тілдік пәндер циклі...
Шәкәрім университетінің миссиясы: ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген білікті маман дайындаумен қатар, Кемел адамды (А.Құнанбаев) қалыптастыру екені баршамызға мәлім. Сондай-ақ, Университеттің төртінші миссиясы – қоғамға қызмет етуге де аса назар аударылуда.
Қасиетті Абай топырағын басып, Шәкәрім атындағы қара шанырақта қызмет етіп жатқан біздерге маңдайымызға біткен хакім Абайдай бағымызды өз биігінен түсірмей,...
Ядролық медицина және онкология орталығында Шыңғыстау аймағында дүниеге келген үш алып тұлғаға арналған суреттер көрмесінің ашылуы өтті. Шәкәрім университетінің қылқалам шеберлері орталыққа бірқатар туындыларын сыйлады.
Ядролық медицина және онкология орталығы – 2017 жылдан бастап Шәкәрім университетінің стратегиялық серіктесі. Білім ордасы орталықпен бірлесіп «Медициналық физика» мамандарын дайындайды.
Шараға Басқарма төрағасы Бауыржан...
Шәкәрім университетінде Қаракерей Қабанбайға арналған «Батыр бабалардың отан қорғаудағы ерліктері: тарих және тағылым» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысына университет басшылығы, Абай облысы әкімдігі, отандық ғалымдар, тарихшылар, елімізге белгілі зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты.
Жиынды ашқан Басқарма төрағасы Бауыржан Ердембеков батырдың мерейтойы аясында Қабанбайтану, батырды ұлықтау мәселелерін шешу...
Шәкәрім университетінде «Желтоқсан – тәуелсіздік рухы» атты танымдық әдеби-сазды кеші өтті. Кешке университет басшылығы, ардагер ұстаздар, профессор-оқытушылар құрамы мен құрылымдық бөлім қызметкерлері қатысты.
Шарада сөз сөйлеген Басқарма төрағасы – Ректор Бауыржан Ердембеков айтулы күннің ұрпақ жадында мәңгі сақталып, оны қастерлеу бүгінгі ұрпақтың еншісінде екендігін тілге тиек етті.
-Бұл күн қазақ...
Қазақстан халықтары Ассамблеясының XXXI сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев этномедиация жөніндегі оқу орталығын құруды тапсырған. Қазіргі таңда Абай облысында 4 медиация кабинеті жұмыс істейді.
Осы орайда Шәкәрім университетінде медиация институтын дамыту бойынша семинар-тренинг өтуде. Іс-шара ұйымдастырушылары - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Рух» психология және тұлғаны дамыту орталығы» ЖШС....
Еліміз биыл аса бір күрделі де, салмақты саяси жаңаруға бет бұрды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділетті ұлт. Біртұтас мемлекет. Берекелі қоғам» атты Жолдауында күрделі геосаяси жағдайда мемлекеттің территориялық біртұтастығын сақтай отырып, еліміздегі қордаланған саяси-экономикалық мәселелерді шешудің тың тетігін іске қосу уақыт күттірмейтін мәселе екенін айқындап берді. Реформаларды толыққанды...
Шәкәрім университетінің сайлау учаскелерінде дауыс беру науқаны қызу жүріп жатыр. 12 мыңнан астам қала тұрғындары Шәкәрім университетінің ғимаратында орналасқан сайлау учаскелерінде дауыс бере алады. Олар:
№178 Физкультурная көшесі, 4;
№1137 Шугаев көшесі, 159, №6 оқу ғимараты;
№177 Глинка көшесі, 20а №7 оқу ғимараты;
№234 Шугаев көшесі, 159, №8 оқу ғимараты;...
Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай Алматы қаласында өткен «Ахмет Байтұрсынұлы – Ұлт ұстазы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға шәкәрімдік ғалымдар да қатысып қайтты.
Шараның басты мақсаты – қазақ халқының ар-ожданына айналған біртуар тұлғаның өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметін, қайраткерлігі мен күрескерлігін, шығармашылық мұрасын насихаттау.
Халықаралық конференцияға отандық және алыс-жақын...
Адал ұрпақ тәрбиелеу – қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе. Өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу үшін, мектеп қабырғасынан бастап, халқының мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдық, бауырмалдық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген ұрпақ тәрбиелеуді басты борышы деп санайды.
Осы орайда Шәкәрім университетінің Комплаенс-қызметі Қазақстан Республикасының...