Шәкәрім шаңырағында сұлтанмахмұттану мәселесі қарастырылды

26 октябрь 2023жиын, республикалық конференция, мәселе

Шәкәрім университетінде асқақ ойлы, суреткер ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығына арналған «Сұлтанмахмұт тағылымы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция ақынның 130 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылды. «Абайды оқы, таңырқан, басың шайқа» деп ізет пен ілтипатын өлеңмен төккен Сұлтанмахмұт қазақ поэзиясын заман талабына сәйкес жаңа өрнек, тың бояулармен байытты. Басқосуда Астана, Алматы, Орал, Павлодар,...

Подробнее

SHAKARIM UNIVERSITY АБАЙ ӨҢІРІН КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСЫНА ҮЛЕС ҚОСУДА

21 октябрь 2023студенттер, акция, табиғатты қорғау

Табиғатты сақтау мен экологиялық тұрақтылықтың маңыздылығы – бүгінгі күннің басты мәселесі. Абай өңірінде ағаш отырғызу экожүйені сақтауда және қоршаған ортаны байытуда маңызды рөл атқарады. Өкінішке орай, климаттың өзгеруі мен адамның араласуы осы бірегей аймақта өз ізін қалдырды. Тәрбие мен экологияны біріктірген іс-шарада студенттер мен оқытушылар "Семей орманы" резерватына ағаш отырғызу...

Подробнее

ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ МЕМОРАНДУМ

18 октябрь 2023ынтымақтастық, тарих және археология саласы

Білім берудің сапасы мен қолжетімділігі – елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Осы ретте, бүгін Шәкәрім университеті мен Әлкей Марғұлан атындағы Археология институты өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Алғы сөз сөйлеген Басқарма төрағасы Думан Орынбеков археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу, зерттеу мәселесіне келгенде университететте жылдар бойы жалғасып келе жатқан дәстүр бар...

Подробнее

ДАЯРЛЫҚ БӨЛІМІНДЕГІ ҚАНДАС БАУЫРЛАРЫМЫЗ ОРЫС ТІЛІН ҮЙРЕНУДЕ

13 октябрь 2023орыс тілі курстары, курсы русского языка

Шәкәрім университетінде Қазақстан Республикасының тілдер саясатын іске асыру мақсатында Кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы және Абай облысының лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен  университеттің даярлық бөлімінде білім алып жатқан қандас бауырларымызға орыс тілінен тегін курстар өткізіліп жатыр.   Курсты Лингвистикалық орталықтың оқытушысы Айым Бейсханова жүргізеді.   Айта кету керек, аталған курсқа...

Подробнее

БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫМЕН ЕРКІН ФОРМАТТА КЕЗДЕСТІ

13 октябрь 2023белсенді жастар, активисты, ректормен кездесу

Шәкәрім университетінде белсенді жастар университет ректоры Думан Орынбековпен еркін форматта кездесуі өткізді. Кездесуге факультеттердің кіші декандары, «Студенттік Парламент», «Аrt union», «Қазақстан Студенттер Альянсы», «Жастар Рухы» және «Шәкәрім Шуағы» ұйымдары қатысты.   Кездесу барысында университет белсенділері студенттік ұйымдардың мақсат-міндеттерімен және жаңа жобаларымен бөлісті.   Еркін форматта ұйымдастырылған бас қосуда студенттер тарапынан...

Подробнее

«ERASMUS+» – БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА КӨКЖИЕГІ

11 октябрь 2023каздуал, еразмус

Бүгін Шәкәрім университетінде «Erasmus+ бағдарламасының ақпараттық күні» аясында Қазақстандағы Erasmus+ Ұлттық кеңсесінің координаторы Лаура Палуанова және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғылым және инновация проректоры Жадыра Қоңырбаева университетіміздің декандарымен, кафедра меңгерушілерімен және жас ғалымдарымен кездесті.   Кездесу барысында қатысушы қонақтар Erasmus+ бағдарламасының мүмкіндіктері, стипендия мен жобалардың түрлері және өтінім...

Подробнее

СТУДЕНТТЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

11 октябрь 2023студенттер қауіпсіздігі, безопасность студентов

Шәкәрім университетінде Семей қалалық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қайрат Абдіғалиев білім алушыларға «Цифрландыру жағдайында құқықтық ағарту және құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мектептер мен университеттерде жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау мақсатында полиция басқармасының бастығы заңнаманы түсіндіруге және киберқылмыстың алдын алуға...

Подробнее

УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ ШӘКӘРІМ КОЛЛЕДЖІНЕ БАРЫП ҚАЙТТЫ

10 октябрь 2023шәкәрім колледжі, высший колледж шакарима

Шәкәрім университетінің ректоры Думан Орынбеков Шәкәрім жоғары колледжінің директоры Тоты Абдикаримова бастаған оқытушылар қауымымен кездесті. Кездесу барысында университет басшысы күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерге тоқталды.  Кездесуге қатысушылар  әртүрлі сауалдарын жолдап, көтерілген мәселелер төңірегінде ой-пікірлерін білдірді. Өз кезегінде Думан Рымғалиұлы осы сұрақтарды шешу үшін барлық іс-шаралардың қабылданатынын атап өтті. Осылайша еркін...

Подробнее

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІНЕ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

10 октябрь 2023тренинг, день психического здоровья, психикалық денсаулық күні

Бүгін Шәкәрім университетінде Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай «Психологиялық қызмет» орталығының ұйымдастыруымен «Жаның сау болмай, денің сау болмас» тақырыбында тренинг өткізілді. Білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға белсене қатысқан студенттер өз ойларын ортаға салды. Айта кету керек, психикалық денсаулықты сақтау үшін ең алдымен, жасөспірімдер...

Подробнее

SHAKARIM FEST – 2023: СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАБЫЛДАУ КЕШІ

07 октябрь 2023посвящение, студенттерді қабылдау

Еліміздегі алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының бірі әрі бірегейі – Шәкәрім университеті күні кеше табалдырық аттап, жоғары оқу орнына түссем деген ізгі ой қалықтаған бірінші курс жеткіншектерін дәстүр бойынша студент қатарына қабылдады. Бұл әсерге толы сәт университеттің ұйымдастырған «Студенттер қатарына қабылдау» салтанатында көрініс тапты.   Мерекелік кеш шымылдығы «Вирус», «Васаби»,...

Подробнее