ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІ ТАЗАЛЫҚҚА ШАҚЫРАДЫ

07 октябрь 2023сенбілік, субботник

Күз мезгілі келісімен үрдіс бойынша қала көшелерінде, саябақ пен оқу орындарында сенбілік шаралары жүргізілетіні белгілі.   Аталған шараға Шәкәрім университеті де ұжым болып кірісіп, белсенді түрде сыртқы аулаларды түгелдей тазартып шықты. Сондай-ақ, сенбілікке қатысушылар  шыршаның 100 көшетін екті.   Тазалық жұмыстарын жүргізу университет қызметкерлерінің назарынан тыс қалған емес.    Айта...

Подробнее

«ШӘКӘРІМ КЕРУЕНІ» ҚАЙНАР АУЫЛЫНДА

06 октябрь 2023кәсіптік бағдар беру, шәкәрім керуені, профориентация

Шәкәрім университетінің ауыл мен қала арасындағы рухани көпір атанған «Шәкәрім керуені» жобасы аясында университет басшысы Думан Орынбеков бастаған жұмыс тобы Қайнар ауылындағы С. Бегалин атындағы орта мектепке барып, жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Айта кететін жайт, университет ректоры Думан Орынбеков аталған мектептің түлегі болғандықтан, «Ұстаздар күні» мерекесіне...

Подробнее

SHAKARIM UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА БАҚ СЫНАУДА

04 октябрь 2023чемпионат мира, наши спортсмены, әлем чемпионаты, біздің спортшылар

4-10 қазан күндері Португалия қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы дзюдо күресінен Әлем чемпионатында Шәкәрім университетінің студенттері өнер көрсетеді.  Осынау дүбірлі додаға бақтарын сынап келген жеңімпаз спортшылар Жалғас Қайролла Германияның Берлин қаласында дзюдодан жастар арасында өткен Европа кубогының күміс жүлдегері, ал Ажар Асхат Азия кубогының жеңімпазы.  Күллі Абай елінің мақтанышына айналған...

Подробнее

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІ ҰЛЫЛАР МЕКЕНІНЕ БАРЫП ҚАЙТТЫ

30 сентябрь 2023шәкәрім форум, ұлылар мекеніне саяхат

Бүгін Шәкәрім университетінің ұжымы бастаған делегация Абай еліне, Ұлылар мекеніне барып қайтты. Сапар ”Shakarim Forum: тың идея, жаңа қадам” форумы аясында ұйымдастырылды. Шыңғыстау – ел қамын ойлаған көсемдер мен шешендерді, әділ билер, жауға қол бастап шыққан батырларды, жауырыны жерге тимеген палуандарды тарих сахнасына шығарған, бүгінгі таңда да халықаралық, республикалық додаларда...

Подробнее

«ШӘКӘРІМ ОҚУЛАРЫ – 2023» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

29 сентябрь 2023конференция, мерейтой, форум

Бүгін Шәкәрім университетінде Абай облысы әкімдігімен бірлесе «SHAKARIM FORUM: тың идея, жаңа қадам» форумы аясында ғұлама ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналған «Шәкәрім оқулары – 2023» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция жұмысына ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев, ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым...

Подробнее

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІ АГРАРЛЫҚ БАҒЫТТЫ ДАМЫТУДА

25 сентябрь 2023ынтымақтастық, аграрлық сала, шәкәрім делегациясы

Шәкәрім университеті – еліміздің Солтүстік-Шығыс өңірінде ауыл шаруашылығы және аграрлық салада мамандарды дайындап келе жатқан ЖОО-ның бірі. Биыл білім ордасы Жібек жолының ауыл шаруашылығы білімі және ғылыми-техникалық инновациялар Альянсына мүше болып кірді. Осы ретте, шәкәрімдік делегация Аспан асты Қытай елімен ынтымақтастық аясында бірқатар бірлескен жоспарларды атқармақ. Мәселен, Shakarim University мен...

Подробнее

АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ӨТТІ

22 сентябрь 2023сайлау, талқылау, кеңес отырысы

Бүгін Шәкәрім университетінде кезекті Ардагерлер кеңесінің жиыны өтті. Жиында кеңес төрағасы Ерғали Есенжолов осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстарды баяндады. Бүгінгі таңда Ардагерлер кеңесінің құрамында 200-ге жуық ардагер бар. Төраға Ерғали Есенжолов ардагерлердің атқарып жатқан еңбектерінің ұшан-теңіз екенін жеткізді. – Аға буын өкілдері зейнетке шықтым, тынығамын деп тыныштық іздеп жантайып жатудан...

Подробнее

«ДУАЛДЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЕНГІЗУ ТӘЖІРИБЕСІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУ ТЕТІКТЕРІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

20 сентябрь 2023конференция, каздуал, обсуждение

Бүгін Шәкәрім университетінде қазақстандық және еуропалық ЖОО серіктестерінің қатысуымен «Дуалды білім беру бағдарламаларын енгізу тәжірибесі және олардың сапасын арттыру тетіктері» халықаралық конференциясы өткізілуде. Айта кету керек, Шәкәрім университеті Қазақстанда дуалды білім беру жүйесінің бағдарламаларын енгізу бойынша Еуропалық одақ жобасының қатысушысы болып табылады және оны жүзеге асыруда Абай атындағы Қазақ Ұлттық...

Подробнее

ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

18 сентябрь 2023кездесу, сотрудничество, ғылым саласы

Бүгін университет ректоры Думан Орынбеков «Ядролық технологиялар паркі» АҚ Басқарма төрағасы Александр Борисенко мырза бастаған делегациямен кездесті. Тиімді инновациялық инфрақұрылымдарды қалыптастыру және жоғары технологиялық компанияларды өсіру арқылы Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуына ықпал етуді мақсат еткен «Ядролық технологиялар паркі» АҚ бүгінде түрлі салаларда жемісті қызмет атқаруда. Кездесудің басты мақсаты – жаңа...

Подробнее

CATERPILLAR FOUNDATION ҚОРЫ ШӘКӘРІМ ШАҢЫРАҒЫНДА

15 сентябрь 2023кездесу, ынтымақтастық, бірлескен жобалар

Бүгін Caterpillar Foundation қорының Президенті Аша Варгезе бастаған делегация жұмыс сапарымен Шәкәрім университетіне келді. Сапар аясында университет ректоры Думан Орынбеков американдық делегация өкілдерімен кездесіп, білім ордасының атқарылып келе жатқан ауқымды жобаларын таныстырды. Аша Варгезе - Caterpillar қорының президенті. Өз рөлінде ол адамның негізгі қажеттіліктеріне, білім мен экологиялық тұрақтылық пен бүкіл...

Подробнее