ШӘКӘРІМ МЕН ИТАЛИЯ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ЖАҢА КӨКЖИЕКТЕРІ

11 ноябрь 2021

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бағдарламасы аясында дәріс курстарымен саяси және әлеуметтік ғылымдар докторы, профессор Алессандро Фигус келгендігін хабарлаған болатынбыз. https://www.instagram.com/p/CVMlxgAtos8/ Осы уақыт аралығында студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін «Еуропалық Одақтың саясат, құқық, әлеуметтік мәселелер, дипломатия және мультимәдениет саласындағы тәжірибесі» тақырыбында дәрістер мен семинарлар ұйымдастырылды. Сонымен қатар ынтымақтастық әлеуеті...

Подробнее

МЕДИА АЙДАР: ФАКУЛЬТЕТ ТЫНЫСЫ: ГЭФ

10 ноябрь 2021гэф, медиаайдар

# «Өнер және музыка» кафедрасы «Семей өңірі мәдениеті және заманауи өнерді зерттеу кабинеті» ғылыми семинары 10.11.2021 жылы  Гуманитарлық-экономика факультеті «Өнер және музыка» кафедрасының ұйымдастыруымен «Семей өңірі мәдениеті және заманауи өнерді зерттеу кабинеті»  атты ғылыми семинар өтті. Кафедрада өткізіліп отырған алғашқы ғылыми семинар болғандықтан, ең алдымен кабинеттің ашылу рәсімі болды. Рәсімде...

Подробнее

ЖАСТАРҒА МҮМКІНДІК МОЛ

10 ноябрь 2021

2017 жылдан бастап «Жас Өркен» бағдарламасы еліміздің болашағы мықты, шығармашыл, дарынды жастарда екендігін барлығына дәлелдеп келеді. Осы орайда Шәкәрім университетінің Мансап және жұмысқа орналастыру бөлімінің ұйымдастыруымен "Жас Өркен" жобасына қатысты "Самұрық-Қазына" корпоративтік университетінің өкілімен кездесу өткізілді. Жиынға Қаржы, Экономика, Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, Экология, Ақпараттық жүйелер, Автоматтандыру және...

Подробнее

АБАЙ КЛУБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ЖЕРЛЕС ЖАЗУШЫ РОЛЛАН СЕЙСЕНБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛДЫ

10 ноябрь 2021

 «Абай клубының» отырысында жазушы, драматург, аудармашы Роллан Сейсенбаевтың 75 жылдық мерейтойына орай «Адамзаттың аманатын арқалаған» тақырыбында оқырман конференциясы өтті. Клуб жетекшісі, профессор Арап Еспенбетов кіріспе сөзімен бастап, Роллан Сейсенбаев шығармаларының қазіргі қазақ әдебиетіндегі орны мен маңызына тоқталды. Доцент А.Ақтанова «Роллан Сейсенбаев шығармаларындағы адам және қоғам» тақырыбындағы ойларымен бөлісті. Сонымен қатар,...

Подробнее

УНИВЕРСИТЕТ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ «QAZAQ-ASTYQ GROUP» ЖШС-де

09 ноябрь 2021

 «QAZAQ-ASTYQ GROUP» ЖШС — тазартылмаған май өндіретін және экспорттайтын майлы дақылдарды өңдейтін зауыт. Зауыт 2018 жылы құрылған. 2021 жылдың мамыр айының соңында компания техникалық іске қосуды жүзеге асырып, қазіргі уақытта май экстракциялық зауыт жабдығын ретке келтіруді, сондай-ақ баптауды жүргізуде. Теориялық білімді жаңарту, «Qazaq-ASTYQ GROUP» ЖШС мамандарының дағдыларын жетілдіру мақсатында Шәкәрім...

Подробнее

МЕДИА АЙДАР: ФАКУЛЬТЕТ ТЫНЫСЫ: ФИЛОЛОГИЯ

08 ноябрь 2021

Үш өнердің жүгін арқалай білген, бүкіл саналы өмірін әдебиетке арнаған таланттың бірі, Жарма ауданының тумасы Тұрсынхан Әбдірахманқызының туғанына биыл 100 жыл толып отыр. Осы орайда жерлестері бұл атаулы күнді ерекше құрметпен атап өтті. Талантты тұлғаның туған жерінде орнатылған ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қоюмен басталған іс-шара «Көңілі жырлы, өмірі сырлы» атты...

Подробнее

ERASMUS+ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ КҮНІ

06 ноябрь 2021

Шәкәрім университетінде Қазақстандағы Erasmus+ бағдарламасының Ақпараттық күні өтті. Ақпараттық күнге қаланың жоғары оқу орындарының өкілдері, халықаралық ынтымақтастық пен интернационалдандыруға жауапты кафедралар мен халықаралық офистердің қызметкерлері қатысты. Ақпараттық күн барысында Қазақстандағы ERASMUS + Ұлттық кеңсесінің директоры Шайзада Тасбулатова Еуропалық Одақтың ERASMUS+ жоғары білім берудің әлеуетін арттыру, халықаралық кредиттік ұтқырлық, Эразмус Мундус...

Подробнее

АЙМАҚТЫҚ СЕМИНАР ҚОРЫТЫНДЫСЫ

06 ноябрь 2021

Кеше Шәкәрім университетінде аймақтық семинар басталғандығын хабарлаған болатынбыз. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=621704765677710&id=100035145771446 2 күнге созылған семинарда жоғары білімнің еуропалық кеңістігінде сапаны қамтамасыз ету стандарттары мен нұсқаулығы (ESG) бойынша практикалық тапсырмалармен таныстырып, төмендегі баяндамалар тыңдалды: • Astana IT University ректоры Д.Ахмед-Заки «Ақпаратты басқару»; «Жұртшылықты ақпараттандыру». • Astana IT University бірінші проректоры С.Өмірбаев «Бағдарламаларды әзірлеу...

Подробнее

30 ЖЫЛДЫҚҚА 30 ИГІ ШАРА: МАҢЫЗДЫ МЕМОРАНДУМ

05 ноябрь 2021меморандум

Қазіргі технологиялар ғасырында өзгеру қарқыны өте жоғары болғандықтан ғаламдық экономикада көшке ілесу күрделеніп келеді. Сол мүддеден шығатын дағдылардың жылдамдығына да көз ілеспейтіндіктен, үкімет барлық компаниялар мен мекемелерге қызметкерлерінің сандық дағдыларын өмір бойы жетілдіру мақсатында 2017 жылдың 12 желтоқсанында «Цифрлы Қазақстан» жобасын іске қосқан болатын. Өзгерістердің негізі жылдамдық болса, оған қол...

Подробнее

«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ПАРАСАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР: НӘТИЖЕЛЕР МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАР»

05 ноябрь 2021

Шәкәрім университеті Ғылыми Кеңесінің кезекті отырысының күн тәртібінде басты орын алған мәселе сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбы болды. Осы орайда Басқарма мүшесі - әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Б.Иісбектің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мәдени парасаттылықты қалыптастыру бойынша жұмыстар: нәтижелер мен перспективалар» атты баяндамасы тыңдалды. Баяндамада ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы...

Подробнее